15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №2

379 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2014 жылғы 18 тамыз Астана қаласы «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйырамын: «Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7760 тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 534-539 (27612) «Егемен Қазақстан», 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар.» Осы бұйрыққа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша осы Талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасы негізінде әзірленген және инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарды айқындайды.»; 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;»; 10) тармақша алынып тасталсын»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы мыналарды өзіне қамтиды: 1) инвестициялық жобаның атауы; 2) инвестициялық жобаның негiзгi мақсаттары; 3) инвестициялық жобаның тiкелей қатысушылары; 4) инвестициялық жобаны iске асыру орны (облыс, аудан); 5) қысқаша мазмұны: шығаруға ұсынылатын өнiм, болуы мүмкiн түрлену спектрін көрсете отырып, тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен қолдану саласы; болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңадан құру, қолданыстағы кәсiпорынды қайта құру немесе кеңейту); басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесінің болуы: инвестициялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың (спецификацияның) болуы; техникалық-экономикалық негiздеме; жобалық-сметалық құжаттама; құрылыс-монтаж жұмыстары және жабдықты жеткiзуге шарттар мен келiсiмшарттар; жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттар; ғимараттарды, имараттарды жалдау шарттары мен басқа да құжаттар; жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың, өткiзу нарығы және шикiзат, су, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптардың болуы; 6) инвестициялық жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi: меншiк қаражаты; қарыз қаражаттары (кредиттер немесе шаруашылық субъектiлерiнің қаражатын тарту) және/немесе грант; 7) инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен бастап жобаны iске асыру мерзiмi.»; 5-тармақта: тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) инвестициялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;»; тармақшадағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «инвестициялық жоба бойынша тауарларды (қызметтерді көрсетулерін) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1) шикiзат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткiзiлiмдерi: шикiзат және материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау: пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi; көлiктiк шығыстарды есепке алғандағы бағаның қол жетімділігі және деңгейi; қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, жоба бойынша қызмет түрі шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материал шығыстарының нормасы; шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты); жабдықты/өндiрушiлердi жеткiзушiлердi таңдау: қажеттi жабдықтардың тiзбесi және оған негiзгi техникалық талаптар; жабдық пен технологияның әлемдiк және жергiлiктi нарықтағы жаңалығы; көлiктiк шығыстар, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарды есепке алағандағы жабдықтардың құны; жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда); қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi; 2) маркетинг: Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімдік көрсеткіштер; қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сыйымдылығын) есепке ала отырып өткiзу нарығын болжау: iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраным, қазiргi уақытта оны қанағаттандыру деңгейi: өткiзiм арналары - қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкiндiктерi нәтижелерiнде нарықты болжау; өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттар: тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiмшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды құжандырылған көшiрмелерi; тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау; коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар. Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Әлеуметтік бөлім мынаны қамтиды: 1) Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны); 2) Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, саны (инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырған кезде); 3) Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы; 9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 3) қаржылық талдау: жобаның қаржылық үлгiсi инвестициялық преференцияларды есептемей және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, үлгiлердi есептеу енгізіледі; жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV); жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR); жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық); жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдiгi); түрлер бойынша бюджетке төленетiн салықтар, кеден баждары мен төлемдерi; төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi анықталсын. Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.»; 12-тармақ алынып тасталсын; Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша Талаптарға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын; Осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6 –қосымшалармен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелген күннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберудi; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылсын 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №2 бұйрығына 1-қосымша Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 2-қосымша Нысан Өндірістік көрсеткіштер Өндіріс қуаты ____________ Жылдар Тауар, жұмыс, қызмет атауы Өнімнің заттай көрсеткіш көлемі Өнімнің құндық көрсеткіш көлемі Кәсіпорынның жүктелімі, % Барлығы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №2 бұйрығына 2-қосымша Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 3-қосымша Нысан Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны): Құрылыс кезіндегі Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл) ҚР азаматтары Шетел жұмыс күші ҚР азаматтары Шетел жұмыс күші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №2 бұйрығына 3-қосымша Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 4-қосымша Нысан Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны Мамандығының атауы (тарифтік дәрежесі, санат) Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен) Туылған күні Азаматтығы / Тұрғылықты елі Тартылатын кезеңі (ай, жыл) 1.Басшылар: 2.Жоғары білімі бар мамандар: 3.Білікті жұмысшылар: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №2 бұйрығына 4-қосымша Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 5-қосымша Нысан Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы р/с № Мамандықтың атауы Біліктілік дәрежесі (тарифтік дәрежесі, санат) Саны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №2 бұйрығына 5-қосымша Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 6-қосымша Нысан Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері Күнтізбелік жыл Күнтізбелік жыл Барлығы Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім Преференцияларды есептегендегі бюджеткетүсетін түсім Преференцияларды есептемегендегі бюджетке түсетін түсім Преференцияларды есептегендегі бюджетке түсетін түсім КТС Мүлік салығы Жер салығы Кедендік баж салығы Әлеуметтік салық Зейнетақы төлемдері т.б. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9714 болып енгізілді.